Библиотека

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

Акция «Кітапты сыйла»
Автор: Бралинова Д.И. - мектеп кітапханашы

Кітап - адамзаттың рухани байлығы.

Сабақтың тақырыбы: Кітап - адамзаттың рухани байлығы.

Мақсаты:

  1. Кітаптың оқырманның қолына жеткенге дейінгі шығу тарихы мен оның құрылысы туралы мен білімдерін тереңдете түсіп, анықтамалық - ақпараттық бөлімдері туралы мәлімет беру.
  2. Өздігінен кітап таңдай білуге, кітапты ұқыпты сақтай білуге дағдыландыру.
  3. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын оята отырып, кітапты құрметтеуге ұқыптап ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері, түсіндіру тәсілі, сұрақ-жауап, зерттеушілік, проблемалық ізденушілік.

Сабақтың көрнекілігі: практикалық жұмысқа арналған кітаптар көрмесі, слайдтық көрме, үстел жабдықтары.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру:

1)Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау.

2)Сабақты аңыз – ертегімен бастау.

- Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Сол данышпанның атағы әлемге әйгілі екен. Бір күні осы данышпанды сынамақ болып, бір адам келе жатып, жолда ұшып жүрген көбелекті ұстап алады да, оны алақанының ортасына қойып, данышпаннан көбелектің өлі не, тірі екендігін сұрамақшы болыпты.

«Егер данышпан көбелекті тірі десе, оны қысып өлтірейін, ал өлі десе, алақанымды ашып оны ұшырып жіберіп, данышпанның да қателесетінін дәлелдейін», – деп данышпан алдына келіп сұрағын қояды. Сонда данышпан ойланып отырып: «Барлығы сенің қолыңда» - деген екен.

Яғни, «Өлі қылғың келсе, өлтіресің, тірі жібергің келсе, алақаныңды ашып ұшырып жібересің» - деген екен данышпан.

Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздың да жақсы өтуі, қызықты немесе қызықсыз болып өтуі – барлығы кімнің қолында?

Слайд

Олай болса, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, өйткені сендер осы сабақта зерттеуші де, ізденуші де, сыншы да боласыңдар. Ол үшін сендерден белсенді де алғыр болуларыңды сұраймын.

  1. Қызығушылықты ояту:

-Бүгінгі сабағымыз кітапханалық сабақ болғандықтан, біз сендермен кітап туралы сөйлесеміз.

Топпен жұмыс істеу (кітап туралы білетін және білгілері келетін ойларын параққа жазғызу)

Кітаптың адамға қандай пайдасы бар? Қашан, Қайда, Қалай пайда болғаны туралы білетініңді жазыңдар


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




(әр топтан бір оқушы оқиды)

Слайд

Сабақтың тақырыбын хабарлау.

Кітап -адамзаттың рухани байлығы

-Рухани байлық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Біздің заманымызға дейінгі кітапханалар туралы естігендерің бар ма?

(Александрия, Отырар)

  • Ия, балалар. Александрия кітапханасынан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана Отырар кітапханасы болған. Қазақ жеріне монгол шапқыншылығы кезінде 6 ай бойы қарсы тұрған Отырар қаласын жер бетінен жойып жібереді. Сонда да біздің біраз ғұламаларымыздың еңбектері осы уақытқа дейін жеткен екен. Ата – бабамыздың мақтанышы - Отырар кітапханасы туралы мына мәліметке назар аударайық.

(Видео «Отырар кітапханасы).

  • Көрдіңдер ме, балалар, сонау ерте заманда да адамдар кітапты жоғары бағалаған.

Слайд

  • Ал, енді сендер жоспарларыңа келейік, онда кітаптың құрылысы туралы және кітапты қалай таңдауға болатын білгілерің келетінін жазыпсыңдар.

Топпен зерттеу жұмысын жүргізу, кітап құрылысын талдау.

Зерттеу жоспары: кітаптың атауы, авторы, көлемі, неше беттік, т.б. құрылысы туралы не білесіңдер, соны топпен талдап, ортаға шығып қорғайсыңдар (5 мин.)

ІІІ. Мағынаны тану. Сендер кітапханадан, не кітап дүкенінен кітап аларда оны қалай таңдайсыңдар?

а) Суретіне қарап

б) Авторына, атауына қарап

в) Әдемілікке қарап.

Кітапты таңдауға арналған анықтамалық ақпарат таныстыру.

Слайд

1.Анықтамалық ақпарат құралы:

Аннотация - кітаптың не туралы жазылғаны жайлы, қысқаша ғана мәлімет.

Аннотация кітаптың басында немесе кітаптың артыңда болады.

Алғы сөзден кітаптың бас кейіпкерлері туралы авторының өмірбаяны т.б. мәліметтер алуға болады.

Иллюстрация - дегеніміз кітаптың суреті. Кейбір кітаптың суретіне қарап мазмұнын түсінуге болады.

Қорытынды сөзде – автордың қорытыңды ойы жазылады.

Мазмұны - кітаптың басында немесе аяғында орналасады, кітаптың қандай тараулары немесе кітаптан қандай шығармалар бар екенін мазмұнынан қарап білеміз.

Алғы сөз, қортынды сөз және иллюстрация мен мазмұны барлық кітаптарда кездесе бермейді.

Көрдіңдер ме балалар, кітап деген ғажайып зат екен. Осы ғажайып затты тандау үшін, біз нені білуіміз керек екен? Жаңа ұғымдарды «Үйрендім» бөліміне жазғызу.

2. Алынған білімдерін бекіту. Практикалық жұмыс.

Оқушыларға кітап құрастырту. Парақтарда, әр түрлі шығармалары берілген. Сендер осы жұмыстармен танысып, кітап құрылысы талабына сай жинақтайсыңдар да, ортаға шығып айтып көрсетесіңдер. Қалған топ бақылап, бағалап отырасыңдар.

Кітап құрастыру өздеріне ұнады ма? Ендеше, біз кітап таңдауды үйрендік деп ойлаймын. Қане, енді көрмеден әр топтан бір оқушы кітап таңдасын. Неге ол кітапты таңдағаны тура айтып берсін.

ІV.Ой толғаныс. Қітап туралы мақал-мәтел талдау.

1) Ата-бабаларымыз әрқашанда кітапты киелі, қасиетті, құдіретті зат деп бағалаған көз жеткізу.

Ғ.Мүсірепов атамыз: «Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы» - деп айтқан екен.

Ал, орыс халқының жазушысы М.Горький «Егер мен бай болсам тек қана кітап сатып алар ем» - деген екен. Сендер қалай ойлайсыңдар? Осы айтылған сөзбен келісесің ме, әлде келіспейсіңдер ме? Ойларыңды дәлелмен 2-3 сөйлем етіп жазыңдар.

2) Бүгінгі сабақтан олған әсер ал сұрау.

- «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» - деп Абай атамыз айтқандай, әрдайым рухани қазынамыз кітапты көп оқып, білімдеріңді, жан-дүниелеріңді күн сайын байыпта беріңдер дегім келеді. Сабаққа белсене қатысқандарың үшін көптен-көп рахмет.


Просмотров: 985
Дата создания: 25.02.2013
Дата редактирования: 25.02.2013

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource